- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында 10...
Түркістан облысында 10 миллион теңгеге жуық "қарызы бар көліктер" анықталды
Түркістан облысында тексеріс барысында 10 миллион теңгеге жуық қарызы бар көліктер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлерінің планшетіне Қызылорда - Самара - Шымкент тасжолы бойында "8 миллион 600 мың теңге қарызы бар" "Wolkswagen Passat" автокөлігі кетіп бара жатқаны туралы дабыл түскен.
"Ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер көлікті жедел тоқтатып, жүргізушісіне түсіндірді. Сондай-ақ, түркістандық полицейлер 1 миллионға жуық өтелмеген қарызы бар "Toyota Camry" маркалы автокөлігін анықтады. Қазір көліктер айыптұраққа қойылды", - делінген хабарламада.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова