- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бопса
Түркістан облысында 1 миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды
Фото:
Видео кадры
Түркістан облысында 1 миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметтері бойынша Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 миллион теңге талап еткен.
"Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды. Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді", - деп хабарлады полиция.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан