Түркістан облысы Машат ауылында жазатайым оқиға болды. Бір жас 8 айлық қыз бала өзенге құлап, оны ағыс алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 31 наурызда болған.
Еріктілер баланы іздеуге көмек сұрап отыр. Олар бұл жайтқа бей-жай қарамайтын азаматтарды сәбиді іздеуге қосылуға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында Келес өзеніне ағып кеткен 8 жастағы бала табылмай жатқаны хабарланды. Іздеуге құтқарушылар, еріктілер, тіпті дрондар жұмылдырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!