Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды

Түркістан облысына жаңа прокурор келді. Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның қызмет бастығының орынбасары, қызмет бастығы, елорданың прокуроры болып еңбек еткен.

2022 жылғы мамырдан бері Қарағанды облысының прокуроры болды. Міндетін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен наградталған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!