Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

Түркістан облысы мәслихаттарының депутаттарын жиынға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық мәслихаттың хабарлауынша, жиын дүйсенбі, 6 қаңтар күні сағат 10:30-да Түркістан қаласында өтеді. Депутаттардың қарауына Түркістан облысының әкімін тағайындау мәселесі ұсынылып жатыр.

Мәслихат хабарландыруының скриншоты

Еске салайық, қазір Түркістан облысын Дархан Сатыбалды басқарады. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 31 тамыздан бастап атқарып келеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!