Ерболат Балғабаев Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша агенттік төрағасының бұйрығымен Балғабаев Ерболат Темірболатұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерболат Балғабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!