- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор туралы
Түркістан облысы: Антикор жолдарға қатысты заңсыздықтарды анықтады
Түркістан облысында жол саласына қатысты жемқорлық қаупі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірде жол салу және жөндеу процестерін талдау барысында бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен 2,2 млрд теңгеге негізсіз шарттар жасасу деректері анықталды.
"Әкімдіктер төтенше жағдайлардың салдарын жою немесе зияткерлік меншік нысандарын сатып алу қажет деген сылтаумен нақты мердігерлерді іріктеп алған. Бұл конкурстық процедураларды айналып өтуге және жұмыс тәжірибесі мен ресурстары жоқ фирмаларға артықшылық беруге мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Орташа жөндеу жүргізуге арналған сметаға шығындар негізсіз енгізіліп, бұл жұмыстар 177 млн теңгеге қымбаттауына әкеп соқты.
Жергілікті атқарушы органдар талап етілмеген жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге 210 млн теңге жұмсады.
Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысының әкімдігі жолдарды орташа жөндеу бойынша күтпеген шығындарды алып тастады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қай салада жемқорлар көп екені туралы жаздық.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова