Әлеуметтік желіде Түркістан облыстық мәйітхана бюроның қызметкерлеріне шағым түскен. Қазір қызметтік тексеріс басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Информбюро 31-ге сілтеме жасап.
Видео авторына медицина мамандары "ақша бермесең жақыныңның денесін алмайсың" деген көрінеді. Ағасының денесін алып кете алмай, түні бойы сандалған ер адам тек таңертең бас дәрігердің өзіне жолықтым дейді. Өйткені осы күні түс ауа шалғайдағы Шәуілдір ауылында жамағат жаназа шығаруға жиналған екен.
Бұл бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының көбі Түркістанда мәйітті тек пара беру арқылы ғана алып шығатын жазылмаған заң бар деген пікір қалдырған. Ал медициналық мекеме басшылығы тексеріс жүргізіп, жемқорлық дерегі анықталса шара қолданамыз деп сендірді.
"Қызметтік тексеру тағайындалды. Комиссия мүшелері тағайындалып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Бұндай оқиға облыстық потологиялық анатомиялық бюросында бұрын болған емес. Барлық-мән-жайды анықтаймыз", - дейді Түркістан облысы потологиялық-анатомиялық бюросының бас дәрігері Мұратхан Қопабаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек