Түркістан полицейлері "Вахталық жұмысқа орналастырып беремін" деп, 10 тұрғынды алдаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар тұрғын анықталды.
Күдікті әлеуметтік желіге "вахталық жұмысқа тұрғызып беремін" деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген.
Содан тұрғындардың ақшасын алып, өзінің таныстарының есепшотына барлығы 1,2 миллион теңгені аудартып отырған.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!