- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан қаласына ерекше...
Түркістан қаласына ерекше статус беріледі
Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болады. Тиісті заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Түркістан Қазақстан Республикасының рухани және тарихи орталығы ерекше мәртебесіне ие Түркістан облысының әкімшілік орталығы.
Заң жобасының принциптері:
- Түркістан қаласының ҚР рухани және тарихи орталығы ретіндегі жалпымемлекеттік маңыздылығын мойындау;
- Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау басымдығы;
- Түркістан қаласы экономикасының негізгі драйверлерінің бірі ретінде туризмді дамыту үшін жағдай жасау.
Заң жобасында мемлекеттік билік органдарының Түркістан қаласын мемлекеттің рухани және тарихи астанасы ретінде дамыту жөніндегі саясаттың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі; қаланың тарихи келбетін және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі; Түркістан қаласын дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі және бүкіл мемлекет немесе жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер ауқымында іске асырылатын жобалар жөніндегі өкілеттіктері регламенттеледі.
Заң жобасы жергілікті билік органдарының Қаланы дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді, бұл оларға Түркістанның көзқарасы мен дамуының негізгі бағыттарын айқындауға белсенді қатысуға және қала аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелер мен міндеттерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина