Түркістан әуежайында қос азаматтық үшін Германия азаматшасына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесіп, "Түркістан-Ыстамбұл" бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматшасын анықтады.
Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!