The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы өз көкжиегін кеңейтіп, The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалін ұсынады!
Жоба серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен өткізіледі.
Бірегей шоу 23 қазанда сағат 18:00-де Karavansaray Turkistan кешенінде өтеді.
Дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең жарқын өкілдері түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі - Түркістанда кездеседі. Бір сахнада Abbos (Өзбекстан), Gulzada (Қырғызстан), Ситора Назарова (Тәжікстан-Қазақстан), Steppe Sons (Қазақстан), Ashina (Қазақстан) және DJ Edige (Қазақстан) өнер көрсетеді.
The Spirit of Turkistan - түркі әлемі мемлекеттерінің бірегей мәдениеті арасындағы берік тарихи мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.
"Біз фестивальді Қазақстанның көне қаласы Түркістанда өткізу мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Көрермен дәстүрлі аспаптардың ерекше сиқырлы үні әлеміне енеді. Фестивальге қатысушылар түркі халықтары мәдениетінің музыкалық палитрасын ұсынады.
The Spirit of Turkistan фестивалі Түркістан аспаны астында түркі әлемі халықтарын, мәдениеттерін, музыкалық дәстүрлерін біріктіретін, ғажайып атмосферасы, бай және қызықты бағдарламасы бар тамаша әсерлі шоуға айналатынына сенімдіміз!" - деді фестиваль директоры Марина Ожерельева.
The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жоба 2012 жылы құрылған. Керемет жарық пен музыкалық қойылым мақсаты - Қазақстан халқы мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтары мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестиваль барысында әлемнің 80-нен аса елінен жүздеген танымал музыкант пен топ фестивальге қатысып, 120 мыңнан аса адам оның қонағы мен көрермені болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!