- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түрікменстанның ұлттық қауіпсіздік...
Түрікменстанның ұлттық қауіпсіздік министрі жұмыстан босатылғаннан кейін залдан жүгіріп шықты - БАҚ
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ұлттық қауіпсіздік министрлігінің басшысы Гурбанмырат Аннаевты қызметінен босатты. Содан кейін Желіде шенеунік залдан жүгіріп шыққаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Тurkmen.news.
Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында кадрлық өзгерістер болған. Сондай-ақ, түркіменстандық БАҚ мәліметінше, ел президенті Жоғары сот басшысы мен орынбасарларын қызметінен босатты.
Уссанепесов басқа жұмысқа ауысуына байланысты отставкаға кеткен. Ол екі жылдан аса уақыт бойы жоғарғы судья қызметін атқарды. Сондай-ақ, оның орынбасарлары Мұсамырат Союнов (2018 жылдан бастап қызмет атқарды) және Өребай Мұхаммедов өз қызметтерінен босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова