Гурбангулы Бердімұхамедов Халық билігінің жоғары органы - Түрікменстанның Халық мәслихатының төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turkmenportal.com сайтына сілтеме жасап.
Тиісті жарлыққа бүгін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды.
Президент Сердар Бердімұхамедовтың қаулысында Гурбангулы Бердімұхамедовтың "демократиялық құқықтық және зайырлы мемлекеттің берік негізін бекіту, тәуелсіз бейтарап Түрікменстанның халықаралық беделін жан-жақты дамыту және нығайту ісіндегі орасан зор еңбегін ескере отырып" Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы болып тағайындалғаны айтылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!