Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бүгін өтетін "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысады. Бұл жиынға Орталық Азия елдерінің басшылары мен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони қатысады.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік аясында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамуда. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 550 миллион доллардан асты, ал 2025 жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 103,9 миллион долларды құрады. Мемлекеттер бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазіргі уақытта тараптар көлік және логистика, білім беру, цифрландыру, сондай-ақ мұнай-газ салаларында ынтымақтастықты нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Бақдаулет