Түрікменстан билігі америкалық валютаның айналымына шектеу енгізді, − деп хабарлайды HabarTm.
Басылымның мәліметінше, бұл елдің азаматтары банктерден енді доллар сатып ала алмайды. Сонымен қатар базарларда долларды заңсыз айырбастауға да тыйым салынды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ақшаны заңсыз айырбастағандарды полиция бөлімшесіне әкетеді.
Түрікменстан аумағында доллар енді айналымда болмайды. Ал шетелге шыққысы келетіндерге қаржы институттары Сыртқы экономбанктен Visa картасын ашуды ұсынды. Картаға ақша манат валютасымен салынады, ал шетелде оны доллармен шешіп алуға болады.
Дереккөз: tengrinews