- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияның Кахраманмараш провинциясында...
Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы төрт жер сілкінісі тіркелді
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында тағы төрт жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулерінің бірі жергілікті уақыт бойынша сағат 16.10-да Нұрхақ ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 15, 5 шақырым тереңдікте болды.
Магнитудасы 4,5 болатын тағы бір жер сілкінісі 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:39-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Экинозю аймағында болды. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте болды.
Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:33-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гексун аймағында болды. Жер сілкіні 9,44 шақырым тереңдікте жатқан.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де Эльбистан облысында магнитудасы 3,5 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Қайнар көзі 12,03 шақырым тереңдікте жатыр.
Құрбандар мен қираулар туралы нақты ақпарат жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова