Жерорта теңізінің төңірегінде орналасқан Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Түркиядағы ҚР елшілігі Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Адана өнеркәсіптік және ауылшаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияның халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриалдық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әртүрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларының құрамына енген болатын. Қаланың орналасқан жері Чукурова алқабы маңызды ауылшаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестері, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Провинцияның жылдық табысы 30 млрд. доллар шамасында.
Қаланың ірі даңғылдарының біріне Н.Ә.Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адананың облыстық мәслихатының Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды.
Даңғыл қаланың орталығында аймақ деңгейінде тарихи құндылығы бар Адананың ең көне колледжі тұрған жерінде орналасқан.
Ашылу салтанаты барысында Адананың губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстан дамуының динамикалық дамуын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады. М.Бүюк пен Х.Сөзлю Қазақстан Елбасының қазақ-түрік қарым-қатынасы мен түркі интеграция төңірегіндегі зор үлесін атап өтті. Адана қаласының орталық даңғылдарының біріне әлемдік деңгейде беделді түркі әлемінің Ақсақалы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атын беру қала үшін аса құрмет болып табылады.
«Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық деңгейлі атақты тұлға болып табылады, ал елінің болашақ дамуы жөніндегі стратегияларын Түркияның негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің іспеттес көзқарастарымен салыстыруға келеді. Қазақстанның Н.Ә.Назарбаевтың қоластындағы әлемнің көптеген мемлекеті үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екендігін айтып кеткім келеді», - деп, Губернатор М.Бүюк мәлім етті.
Өз кезегінде Елші Ж.Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы арқылы Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.