Түркияда жер сілкінісі болған аймақта құтқарушылар үйінділерден 2 миллион доллар тауып алған. Бұл шамамен 1,7 миллиард теңге. Қомақты қаржы құтқарылған адамның қасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Анадолу" сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, құтқарушылар қомақты қаржыны полицейлерге тапсырған. Оқиға Кахраманмараш қаласында болған.
Газиантеп муниципалитетінің құтқару қызметінің басшысы Кафер Йылмаздың сөзінше, мұндай жағдайлар жиі болып тұрады екен.
"Ең алдымен үйінді астында қалған адамдарды құтқарамыз. Кейде түрлі нәрсе шығып жатады. Мысалы бағалы заттар, әшекей-бұйымдар мен ақша шыққан кездер болды. Алдымен адамды құтқарып, бағалы заттарды артынан алып шығамыз. Табылған заттың бәрін полицияға тапсырамыз", - деді құтқару қызметінің басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!