Түркиялық БАҚ қазақстандық туристер мінген шағын автобустың апатқа ұшыраған сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алания маңында туристік шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 12 адам жараланғаны хабарланды. Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, шағын автобуста қазақстандық туристер болған.
Еске салайық, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін таңертең Аланияда шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысқанын растады.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - деді Смадияров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!