- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияға Қазақстаннан құтқарушылардың...
Түркияға Қазақстаннан құтқарушылардың екінші тобы жіберіледі
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, ішінде ТЖМ құтқарушылары, апат медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар. ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде апат-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан аса түрі бар.
"Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылады. Түркияға тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адам болады", - делінген хабарламада.
ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелту алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ, Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Үкіметке Түркиядағы зілзалаға қатысты шұғыл көмек көрсетуді тапсырғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Президент Түркияға 1 миллион доллар қаражат бөлуді тапсырды.
Қазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қалай көмек көрсете алады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова