Ташкент-Ыстамбұлға бағытындағы ұшақта жолаушы қаза тапты. 78 жастағы ер адам Түркияға емделуге ұшып бара жатқан еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Өзбекстан әуе жолдарының HY271 Ташкент - Ыстамбұл рейсі бортында бір жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы елшілігінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады.
Жолаушы 78 жаста және Ыстамбұлда созылмалы ауруынан емделу керек еді. Ұшақ бортында оның жүрегі тоқтап қалған. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жүрегіне массаж жасалды, бірақ бұл көмектеспеді.
Бүгін марқұмның денесі Өзбекстанға жөнелтілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!