Түркияның Нұрдағы қаласынан оралған қарағандылық құтқарушының қызымен көріскен сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Қарағандыда түсірілген. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Қазақстаннан аттанған құтқарушы Думан Қамзинді екі аптадан кейін туыстары, достары күтіп алды. Оның арасында көзіне жас алып, әкесін құшақтап жылаған туған қызы да бар.
"Қызым сияқты мені ешкім күтпеген-ау", - деп жазды қазақстандық құтқарушы.
Публикация от Камзин Думан (@arab_harsiev)
Желі қолданушылары "Қызыңызбен бірге жыладым", "Тәп-тәтті, өзім де жыладым", "Жұбайың Аделя өте қатты уайымдады және қызыңмен бірге күтті. Бәріміз сені, біздің Батырымызды күттік, уайымдадық" деп пікір жазған.
Думан Қамзин жеті жылдан бері құтқарушы болып жұмыс істеп жүр. Бірнеше төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысқан.
Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды, қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесін алып шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!