Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатта заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биыл қазанда күдікті Анталия қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыптыдан қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!