- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы үйінді астынан...
Түркиядағы үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды
Елімізден Түркияға барған құтқарушылар Хатай провинциясындағы іздеу жұмыстары кезінде қазақстандықтың денесін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құтқарушылар қазақстандықтың денесін толығымен қирап қалған алтықабатты үйден тауып, оны үйінді астынан шығарған.
"Құтқарушылардың жұмысы көп үйіндімен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Олар барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын", - деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшісі жер сілкінісінен кейін төрт қазақстандықтың жоғалғанын хабарлады. Сол күні Сәбина Мамадиярова үйінділер астынан аман-есен табылды. Оның қолы сынған, ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан