Түркияның астанасында болған теракт туралы жаңа деректер жарияланды. Президент оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
"Төрт адам қаза тауып, 14 адам жараланды. Мен бұл жантүршігерлік лаңкестік әрекетті айыптаймын", - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Еске салайық, бүгін Анкарада түркиялық Turkish Aerospace Industries (TUSAŞ) аэроғарыш компаниясында теракт болған болатын.
"Террористерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, олардың кім екені белгілі болғаннан кейін біз олардың қандай террористік ұйым екенін хабарлаймыз", - деді Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая.
Haberturk агенттігінің хабарлауынша, лаңкестер кепілге алынған адамдарды ұстап отырған. Нысанда барлығы үш жарылыс болғаны анықталды.
Айта кетейік, бүгін, 23 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15.30 шамасында белгісіз біреулер TUSAŞ аумағында жарылыс жасап, арты атысқа ұласты.
Анкара Бас прокуратурасы лаңкестік әрекетке қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!