- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы оқыс оқиғадан...
Түркиядағы оқыс оқиғадан кейін әлеуметтік медиа платформалары бұғатталды
Түркияның астанасында болған терактыдан кейін жергілікті халық әлеуметтік медиа платформаларын қолдануда қиындықтарға тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрік аэроғарыш өнеркәсібі компаниясы (TUSAŞ) ғимаратына жасалған шабуылдан кейін Түркия аумағында X, Instagram, Facebook, YouTube және басқа да әлеуметтік медиа платформаларына кіру шектелген.
Желі қолданушылары аталған платформаларға тек VPN көмегімен кіргенін жазып жатыр.
Түркия билігі әзірге бұл шектеулерге қатысты ресми мәлімдеме жасамады.
Еске салайық, бұған дейін Анкарада болған лаңкестік шабуыл кезінде 14 адам жараланып, 4 адам қаза тапқаны белгілі болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның астанасында болған оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева