Түркияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарда ақау табылды. 8 адам, оның ішінде құрылыс мердігерлері қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AlJazeera басылымына сілтеме жасап.
Ұсталғандар ғимараттар ақаумен салынғаны үшін, сондай-ақ бағандарды кесіп тастады деп айыпталып отыр.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясының Бас прокуратурасы бастаған тергеу жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттардағы ақаулар туралы тергеу жүргізіп жатыр. Бұл іс бойынша 8 адам қамауға алынды.
Тергеу аясында ұстау және жауап алу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!