• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Түркиядағы “Қайрат“ матчы жаппай төбелеспен аяқталды

Түркиядағы “Қайрат“ матчы жаппай төбелеспен аяқталды
Фото: Видео кадры

Алматының "Қайрат" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында босниялық "Борацпен" жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ойын нөлдік тең нәтижемен аяқталды. Ойында гол соғылған жоқ. Ал матч соңында "Борац" ойыншылары пенальти сала алмай қалды.

Соңғы ысқырықтан кейін алаңда екі команданың футболшылары арасында жаппай төбелес басталып кетті. Бұған себеп - "Қайрат" футболшысы қарсыласын баспен ұрып жіберген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

"Борац" - Босния және Герцеговина елінің чемпионы. Клуб Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өткен. 

Ал "Қайрат" келесі жолдастық кездесуін Грузияның су жаңа чемпионы "Ибериямен" қарсы өткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова