- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы жойқын жер...
Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған аймақта бірде-бір ғимарат қирамаған қала табылды
Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Хатай провинциясындағы Эрзинь қаласында бірде-бір ғимарат қирамаған. Бұл туралы TB5 түрік телеарнасына қала әкімі Эрзинь Оккеш Эльмасоглу айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімінің (мэр-еск.) сөзінше, 42 мыңға жуық халқы бар қалада бірде-бір ғимарат қирамай, адам шығыны да болмаған.
"Адам өлімі, жарақат алғандар мен қираған ғимараттар жоқ", - дейді қала басшысы.
Қалаға жақын орналасқан Османие мен Хатай қалалары табиғи апаттан айтарлықтай зардап шеккен.
Қала басшысының сөзінше, ол бұған дейін құрылыс стандартына сәйкес келмейтін ғимараттарды салуға түбегейлі қарсы болған екен. Эльмасоглу ол лицензиясыз тіпті туыстарына құрылыс салуға рұқсат бермегенін, ал құрылыс нормалары үнемі тексеріліп отыратынын атап өткен.
"Бұл жайтқа қатысты нақты ұстанымым бар - заңсыз құрылысқа рұқсат жоқ. Бұл үшін көптеген адаммен сөзге келіспей қалған кездерім болды. Есесіне, арым таза", - дейді Эльмасоглу.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина