Түркиядағы жойқын жер сілкінісі: 5 айлық сәби үйінді астында 135 сағат жатқан

Түркияда жер сілкінісі болғаннан кейін 135 сағат өткенде үйінді астынан бес айлық сәби құтқарылды,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tgrthaber.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Сәбидің отбасы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, Кахраманмараштағы құтқарушылар да қираған ғимарат астынан қарт ерлі-зайыптыларды алып шықты. Олар үйінді астында 138 сағат жатқан.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты. Республика вице-президенті Фуат Октай қайғылы оқиға 24,6 мыңнан аса адамның өмірін қиғанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!