- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы жол апатынан...
Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 6 қазақстандық бүгін елге оралады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда жол апатынан зардап шеккен ҚР азаматтарының жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтың алтауы емханадан шығарылған, олар бүгін түнде Қазақстанға оралады.
"ҚР бес азаматы дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырады, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық емдеу шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді", - деп хабарлады ол.
Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық дипломаттар қайтыс болған ҚР азаматының жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан