- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркиядағы жер сілкінісінен...
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 612 адамға қатысты тергеу басталды
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың сапасы бойынша 612 адамға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.
Әділет министрі Бекир Боздаг 612 күдіктінің 184-і сотқа дейін қамауда отырғанын айтты. Олардың арасында құрылыс мердігерлері, иелері немесе ғимарат менеджерлері бар.
Сарапшылардың айтуынша, қирап қалған көп үйдің құрылысына сапасыз материалдар қолданылған және көбі мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді.
Түркия телеарналары елдегі жер сілкінісі мен ғимараттардың қирау қаупі әлі де бар екенін хабарлады. AFAD апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету агенттігінің мәліметі бойынша, 6 ақпаннан бері елде 9 470 дүмпу болды.
"Бұл ұзақ уақытқа созылады. Біз бұл дүмпулер кем дегенде екі жылға созылады деп болжап отырмыз", - деді Afad Бас директоры Орхан Татар.
Бұған дейін Түркияда құқық қорғау органдары ғимараттардың жаппай құлауы бойынша Газиантептегі Нұрдағы ауданының мэрі Оккеш Кавакты ұстады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан