Түркиядағы жер сілкінісі: Тоқаев Ердоғанға қолдау білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстамбұл маңындағы жер сілкінісіне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға қолдау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Екі ел арасындағы ғасырлар бойғы достық, бауырластық және стратегиялық әріптестікке негізделген мызғымас байланыстарға сүйене отырып, Қазақстан Түркия халқына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растаймын", – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Түркияда қуатты жер сілкінісіне дайын болуға шақырды

Еске салайық, Ыстамбұлда күшті жер сілкінісі 23 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 12:49-да тіркелді. Түркияның төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісі Ыстамбұл, Текирдаг, Ялова, Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілген. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Кейін Түркия мәжілісінің спикері Нуман Куртулмуш тағы бір жер сілкінісіне дайын болуға шақырды. Ол зардап шеккендерге көңіл айтып, "Біз Ыстамбұл мен оның айналасында қатты сезілген жер сілкінісіне тап болдық", – деді.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз