Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалғаны туралы дәлелдер тарағаны рас па?

Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалғаны туралы дәлелдер тарағаны рас па?
Фото: Stopfake.kz

Желіде түнде аспанда жарқылдаған жұмбақ заттың видеосы тарап жатыр. Ол 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі қарсаңында түсірілген. Оның пайда болуына HAARP жүйесі себеп болғаны айтылған. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл видео Желіде оңай табылды. Видеоның бірнеше кадрын және суретті кері іздеу жүйесі арқылы жұмбақ жарқылдың не екені анықталды. Ол 2018 жылғы қазанда АҚШ-та Оңтүстік Калифорнияда түсірілген. Ерекше құбылыс Space X компаниясына тиесілі Falcon 9 зымыранын ұшыру нәтижесінде пайда болған.

Яғни, таратылған видеоның Түркияға да, жер сілкінісіне де қатысы жоқ.

Хабарламадағы HAARP жүйесі жер сілкінісі мен басқа да катаклизмдер тудыра алмайды. Бұл қондырғы Аляска университетіне тиесілі және Жердің ионосферасын бақылау үшін жасалған.

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Видео 2023 жылы Түркиядағы жер сілкінісі қарсаңында емес, шамамен төрт жыл бұрын АҚШ-та зымыран ұшырылған кезде түсірілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина