Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Сәбина Мамадиярова әлі ауруханада жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылғы 8 ақпанда Хатай провинциясының Антакья қаласында іздеу жұмыстарының нәтижесінде Түркияның құтқарушыларымен Қазақстан азаматы Сәбина Мамадиярова қираған үйден табылып, шұғыл түрде Адана қаласындағы Ceyhan ауруханасына жеткізілді. Өздеріңіз білетіндей, оның зақымдалған қолына операция жасалды. Біздің Анталиядағы Бас консулымыз оған жеке барып қайтып, дәрігерімен сөйлесті. Қазір ол әлі дәрігерлердің бақылауында, жанында туыстары бар", - деді Айбек Смадияров.
2023 жылғы 8 ақпанда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан қазақстандық Сәбина Мамадиярова аман-есен табылды. Оның қолы сынған, ауруханға жеткізілген.
Ал Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті табылды. Оларды жерлеу рәсімі 12 ақпанда өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!