Түркияда дауыл салдарынан әртүрлі провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлады және метро су астында қалды, ал Чанкырыда қатты жел мешіттің мұнарасын ұшырып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengri Travel"-ге сілтеме жасап.
4-ші аймақтық метеорология басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға және Кемер ауданындағы Сиглик маякында 118 шақырымға жетті.
Измирде күшті құйын тіркелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ыстамбұлда қатты жаңбыр салдарынан Бахчелиэвлер районында метро станциясын су басты.
Дауыл сондай-ақ мына елді мекендерден де өтті: Самсун, Корум, Кастамону, Амасья, Синоп. Бұл жерлерде үйлердің төбелері ұшып кетті, ағаштар құлады және көліктер зақымдалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова