Ыстамбұлда 15 қазанда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді. 24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Oda TV түрік басылымына сілтеме жасап.
Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы ғимараттың жоғарғы қабатына тез жеткен.
Біраз уақыттан кейін өртсөндірушілер өртті ауыздықтады. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынды және ішкі және сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қала басшысы Экрем Имамоглудың айтуынша, өрттен қаза тапқандар жоқ.
"Фикиртепе аймағындағы көпқабатты үйден шыққан өртті біздің өртсөндірушілер бақылауға алды. Эвакуация барысында адамдар қаза тапқан жоқ. Өрттің шығу себебі тергеуден кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!