- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияда зардап шеккен...
Түркияда зардап шеккен және қаза тапқандар тізімінде қазақстандықтар жоқ
Түркияда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір Түркиядағы дипломаттарымыз осы елдегі Қазақстан азаматтарымен байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Студенттер арасында тиісті ақпараттық хабарлама таратылды. Қазақстанның Елшілігі Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде ҚР азаматтары жоқ. Сонымен қатар, көптеген қираған ғимараттардың астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр", - деді Айбек Смадияров.
Сонымен бірге Сыртқы істер министрлігі +7 (7172) 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлады.
"Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа, жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады", - деді СІМ ресми өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан