Түркияның Хатай қаласында құтқарушылар үйінді астынан ер адам мен оның 5 жасар қызын аман алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Олар қираған үйде 140 сағаттан арттық болған. Екеуі бірден аурухана жеткізілді. Дәрігерлер әкесі мен қызының өміріне қауіп жоқ екенін айтады.
Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сарапшылар үйінділер астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азайып бара жатыр дейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!