Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды: бірнеше адам қаза тапты

Мугла қаласындағы оқу-зерттеу ауруханасына тікұшақ соғысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі түрік елінің БАҚ мәліметтеріне сілтеме жасап.

Түркияның Мугла қаласында тікұшақ апатқа ұшырап, қала орталығындағы аурухана ғимаратына соғылды.

Мугла губернаторы апатқа қатысты мәлімдемесінде екі ұшқыш, бір дәрігер және бір аурухана қызметкерінің қаза тапқанын айтты.

Сурет: Durmuş Genc - AA

Оқиға орнына өртсөндірушілер, дәрігерлер мен полицейлер жіберілді. Түркия денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі тікұшақтың сынықтары аурухана маңындағы егістікте көрінеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!