Түркияда теракт болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

Анкарада түрік аэроғарыш компаниясы TUSAŞ зауытының орнында теракт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теракт туралы ақпаратты X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында осы елдің Ішкі істер министрі Али Ерликая растады.

"Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оқиға туралы алдағы уақытта хабар беретін боламыз. Мәлімдемені ресми дереккөздерден қадағалауға кеңес береміз", - деп жазды ол.

Түркияның ақпарат құралдарының хабарлауынша, куәгерлер алдымен кәсіпорын қақпасында жарылыс дыбысын естіген, содан кейін атыс басталған. Кем дегенде екі адам қайтыс болды деген ақпарат бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!