Ыстамбұл полициясы прокуратураның тапсырмасымен қаланың тоғыз түнгі клубында рейд жүргізді. Тексеру кезінде мекемелердің бірінен белгілі түрік актері Джан Яманнан есірткі заттары табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.
Операция барысында полицейлер жеті адамды ұстады. Олардың қатарында актрисалар Селен Гөргюзель мен Айше Сағлам, сондай-ақ, клуб иелері, менеджерлері және медиа өкілдері бар.
Бұған дейін басылым Джан Яманға қатысты оның есірткі қолданатыны туралы айыптаған шағымдар түскенін жазған. Алайда тергеу аясында прокуратура оның ұсталуына қатысты ордер бермеген.
Дегенмен полиция клубтардың бірінде тінту жүргізгеннен кейін, актер ұсталды.
Джан Яман мен Селен Гөргюзель қан талдауын тапсыру үшін сот-медициналық мекемеге жіберіледі.
36 жастағы актер "Ранняя пташка", "Эль Турко", "Мистер ошибка" және басқа да сериалдардағы рөлдері арқылы танымал.
Еске салайық, бұған дейін түрік БАҚ Ыстамбұл прокуратурасы есірткінің заңсыз айналымы ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын, оның аясында бір топ танымал тұлғаларды ұстау туралы қаулылар шығарылғанын жазған еді.
Мәліметке қарағанда, тергеу 8 қазанда басталған, құқық қорғау органдары ондаған танымал адамнан жауап алған
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz