Түркияның Хатай провинциясында 5,8 және 6,4 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан үш адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
213 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады. Оның сөзінше, қираған үш ғимараттағы үйінділерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Алғашқы 6,4 балдық дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:04-де, екіншісі 20:07-де сезілген.
Эпицентр Дефне және Самандаг ауданында болған. Бірінші дүмпудің ошағы 16,7 шақырымда, екіншісі 7 шақырым жерде болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!