Түркияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды

Түркияда тағы да жойқын жер сілкінісі болды
Фото: depositphotos.com

Түркияның Балыкесир провинциясында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай салдарынан 81 жастағы қария қираған үйдің астынан құтқарылғанымен, алған жарақаттарынан қайтыс болған. Қазір 300-ден аса құтқарушы мен 79 техника іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Балыкесир провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан шамамен 10 үй қираған.

Еске салайық, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Оқиға салдарынан қаза тапқандар, зардап шеккендер болды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget