- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияда сиам егіздері...
Түркияда сиам егіздері екіге бөлінді
Түркияда бастары жабысып туған пәкістандық Манал және Мирхи атты сиам егіздердің операциясы сәтті аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап.
14 сағатқа созылған операцияны ұлыбританиялық хирург Нур уль Овас Джилани өткізген. Дәрігер бұған дейін де сиам егіздеріне сәтті операция жасаған.
Ол – 2022 жылы Бразилияда үш жасар балаларға, 2021 жылы Израильдегі екі қызға операция жасаған.
Пәкістандық екі қызды толық бөлу үшін үш ай бойы екі рет хирургиялық операция жасалған. Себебі олардың өмір сүруі үшін маңызды тамырлары ортақ болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина