Түрік оппозициясы жылжымайтын мүлікті шетелдіктерге сатуға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі T24 басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы жер сілкінісінен зардап шеккен Хатай провинциясындағы тексеріс кезінде Түркияның оңшыл оппозициялық "Жақсы партиясының" жетекшісі Мерал Акшенер мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдіктер тарапынан жылжымайтын мүлікке деген сұраныс жоғары болуына байланысты Түркия азаматтары үшін тұрғын үй бағасы көтерілген.
Жерасты дүмпулерінен зардап шеккендерге баспана табу мәселесі жалдау ақысы мен тұрғын үй бағасы өсуіне және шетелдіктерге жылжымайтын мүлікті жаппай сатуға әкеп соққан.
2022 жылы шетелдіктерге 75 185 мүлік сатылған. Бұл жылжымайтын мүліктің 70 874-і - тұрғын үй және жұмыс орындары, ал 4 311-і жер, жүзімдіктер мен бақтарды қоса алғанда, негізгі жылжымайтын мүліктер болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!