Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі Түркияда денсаулығын тексертіп, елге оралды. Ол бірден отбасымен қауышты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер отбасымен қауышқан сәтінің видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Ол енесі екеуінің тамақ әзірлеп, қонақтарды күтіп алған.
"Бүгін анашым ұшып келеді. Негізі әкем де келуі керек еді, бірақ жұмысы шығып қалып, таңда келетін болыпты. Анам екеуіміз дастархан жайып, дайындалып жатырмыз", - деп жазды ол.
Фариза Төреәлі осыдан кейін әуежайға барып, анасы мен жиендерін күтіп алған видеосын жариялады.
"Негізі анам мен әкем өздері ғана келеміз деп, балалардың келетінін тосынсый жасағысы келген ғой, бірақ кеше маған Тоғжан қоңырау шалып, келетінін айтып қойды", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің қарындасы өзіне қойылған диагноз туралы айтқанын хабарлаған едік. Кейін ол отадан кейінгі жағдайын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!