• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Түркияда өртенген қонақүйдің иесі қайғылы жағдайға қызметкерлерді айыптады

Түркияда өртенген қонақүйдің иесі қайғылы жағдайға қызметкерлерді айыптады
Фото: x.com/journaIite

Өрт салдарынан 78 адам қаза тапқан Түркияның Болу провинциясындағы Grand Kartal қонақүйінің иесі қайғылы оқиға үшін барлық жауапкершілікті қызметкерлерге жүктеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Karar.com-ға сілтеме жасап.

Қылмыстық іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр. Қонақүй иесі Халит Эргюль сотқа берген мәлімдемесінде асүй қызметкерлерін, электрик пен күзетшілерді, әсіресе аспазды кінәлады.

"Қайғылы оқиғадан кейін Қарталқая, Болуда қамауға алынған қонақүй иесі Халит Эргюль, өзінің мәлімдемесінде барлық жауапкершілікті қызметкерлер мен кеңесшілерге жүктеді. Халит Эргюль асүй қызметкерлерін, электрик пен күзетшілерді, әсіресе аспазды кінәлады", - деп жазды Karar.

Түркиядағы қайғылы оқиға жайлы не белгілі?

Қайғылы оқиға түнде 12 қабатты қонақүйде болған. Ол кезде ғимаратта 238 адам болған еді. Оқиға салдарынан 76 адам қаза тауып, 51 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тоғыз адам ұсталды, олардың арасында қонақүй қызметкерлері бар. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өрттен туындаған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Еске салайық, 21 қаңтарға қараған түні Түркияның Болу провинциясында әйгілі Карталкая тау шаңғысы курортында алапат өрт шыққанын жазған едік. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә