- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркияда мысық тікелей...
Түркияда мысық тікелей эфирде иесіне шабуыл жасады
Түркияның жергілікті телеарнасында мысық тікелей эфирде сөйлеп отырған спорт комментаторын басынан ұрып жіберді, - деп хабарлайды 24.kz.
Үй жануары адамның ту сыртынан соққы жасап, бірден қаша жөнелді. Тосын қылықты күліп қабылдаған комментатор әңгімесін жалғастыра берді. Бұл бейнежазба ғаламторда әп-сәтте таралып, оны аз уақыттың ішінде миллиондаған адам қарап үлгірген. Әзірге көпшілік мысық ер адамның қай сөзін жақтырмай қалғанын таппай әлек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш